Төтенше жағдай: Дәрігерлер мен полиция қызметкерлеріне сыйақы төленеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Төтенше жағдай кезінде қызмет атқарғандарға бір реттік сыйақы төленеді. 

Бұл туралы Ақордада төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізген ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Мен Үкіметке және әкімдіктерге қосымша қаражат тауып, дәрігерлерге, полиция қызметкерлеріне және коронавируспен күреске тартылған басқа мамандарға бір қызметтік жалақы көлемінде сыйақы төленуін қамтамасыз етуді тапсырамын, - деді президент.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы