Дәрігерлердің қауіпсіздігі: еліміздегі стационарларда 152 полиция посты орнатылды

Денсаулық сақтау министрлігі мен аумақтық полиция департаменттері республика бойынша медициналық ұйымдарда тәулік бойы жұмыс істейтін 152 полиция постын іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция посттары мынадай мекемелерде орналасқан:

  • қалалық стационарларда – 30;
  • облыстық стационарларда – 10;
  • балалар стационарларында – 12;
  • перинаталдық орталықтарда – 5;
  • аудандық орталық ауруханаларда – 48;
  • аудандық ауруханаларда – 23.

Бұл қадам оқиғаларға жедел әрекет етуге, шиеленістердің алдын алуға және медицина қызметкерлері мен пациенттердің қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған.

Министрлік бұл шараны соңғы уақытта медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау жағдайларының жиілеуіне байланысты қабылдағанын атап өтті.

Еске салайық, Мемлекет басшысы қызметтік міндетін атқару кезінде медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы