Дәрігерлер таудан табылған қыздың жағдайы туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрігерлер таудан табылған туристің жағдайы туралы айтты.
Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасы Әлия Камиева №7 Қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілгенін айтты.
Реанимация залында дәрігерлердің мультидисциплинарлық бригадасы шұғыл қарап, барлық қажетті зертханалық-диагностикалық тексеру жүргізді. Ол ауруханаға жеткізілгенде жағдайы ауыр, ес-түссіз болатын, - деп хабарлады басқармадан.
Одан әрі емдеу шараларын жүргізу үшін ол реанимация, анестезиология және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды.
Әлия Камиева 5 шілдеде таңертең Үлкен Алматы көліне барған. Бұл туралы қыздың анасы айтқан.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда тауға кетіп, жоғалып кеткен Әлия Камиеваның табылғандығы туралы жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Маңғыстау "Қазақстан барысының" қола жүлдегеріне пәтер сыйлады
Өзгелердің жаңалығы