Дәрігерлер шабылып қалған үш саусақты орнына келтірді

Академик Н. Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында 18 жастағы пациенттің сол қолының үш саусағын трансплантаттау бойынша бірегей микрохирургиялық операция жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, жарақат электрлік араны  дұрыс пайдалана алмауға байланысты жазатайым оқиғадан болды.

9 сағатқа созылған операция хирургтардан дәлдік пен шеберлікті талап етті. Соңғы операциялық микроскопты қолдану арқылы дәрігерлер бөлінген саусақтардың барлық зақымдалған тамырларын, нервтерін, сіңірлерін және сүйек құрылымдарын қалпына келтірді. Бұл элементтердің шағын көлеміне және операцияның жоғары күрделілігіне қарамастан, барлық дәнекер тіндер сәтті біріктірілді.

Денсаулық сақтау министрлігі

Бұл операция біздің орталықта көрсетілетін медициналық көмектің ең жоғары деңгейінің жарқын мысалы болып табылады.Заманауи жабдықты пайдалану және біздің мамандардың жинақталған тәжірибесі бізге ең қиын жағдайларды сәтті шешуге мүмкіндік береді, – дедіі Академик Н.Ж. Батпенов атындағы ҰҒТОО микрохирургия және қол жарақаты бөлімшесінің меңгерушісі Мақсұт Ибраев.

Денсаулық сақтау министрлігі

Биылғы жылы бұл орталықта жасалған қол саусақтарының әртүрлі сегменттерін қайта трансплантаттау бойынша сәтті операция екенін атап өткен жөн. Барлық алдыңғы пациенттер трансплантатталған саусақтардың қызметін толығымен қалпына келтірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - Архив
Өзгелердің жаңалығы