Дәрігерлер оның өмірі үшін таңғы беске дейін күресті – Фархат Әбдірайымовтың досы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Актер әрі продюсер Фархат Әбдірайымов небәрі 55 жаста еді. Үш күн бұрын ол фильм түсіру үшін Грузияға кеткен болатын.
Ол әрдайым жақсы көңіл-күйде жүретін, оны тек қазақстандық көрермендер ғана емес, шетелде де жақсы көрді. Ол кәсіби актер ретінде ғана емес, продюсер ретінде де танымал болды.
Фархат Әбдірайымов туралы достары осылай дейді. Ол бсқа елге түсірілімге кетіп, кенеттен қайтыс болды. Актердің достары атап өткендей, бұл бүкіл қазақстандық кинематография үшін орны толмас қайғы. Олар тіпті енді Фархатты көрмейтіндеріне, тірі еместігіне сене алмайды. Актер небәрі 55 жаста еді...
Фархат Әбдірайымовтың бала кезінен бірге келе жатқан досы - актер Арман Асенов. Оның айтуынша, олардың әкелері де дос болған. Олар өнердегі жолын бірге бастап, бір-бірін үнемі қолдап жүретін.
Біз бала кезден доспыз. Біздің әкелеріміз дос болды. Киноға да бірге түсетінбіз. Ол - нағыз адам, нағыз дос, өз елінің патриоты. Фархат әрқашан көңілді жүретін. 1994 жылдан бастап бірге киноға түстік, барлық түсірілімде бірге болдық. Ол - керемет адам еді, - деп еске алады Арман Асенов.Фархат тек Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде танымал болды.
Бірде біз Мәскеуде Болат Мансұровтың фильмінің түсірілімінде болдық. Мен Атилла, ал Фархат әкемнің рөлін ойнады. Қайда барсақ та оны көп адам танып, қолтаңба сұрап, фотоға түсіп жататын. Ол қазақстандық фильмдерде жиі түсеніне қарамастан, Ресейде де танымал болды, - дейді Арман Асенов.
Оның айтуынша, бірнеше жыл бұрын Фархатта инфаркт болған. Содан кейін оның жүрегіне ота жасалған.
Ол денсаулығына мұқият қарап, дәрі-дәрмек қабылдап жүрген. Отадан кейін оған екінші топтағы мүгедектік берілді.
Менің ойымша жол, Тбилисидегі таулы аймақ барлығы оның денсаулығына әсер етті. Түсірілімнің өзі де қосымша жүктеме. Мүмкін, осының бәрі ауыр салмақ болып, тағы бір инфаркт болды. Түнгі екіде қонақ үйде оның жағдайы нашарлады. Дәрігерлер оның өмірі үшін таңғы беске дейін күресті. Бірақ, өкінішке қарай, олар Фархатты құтқара алмады, - деді актердің досы.
Актер үш күн бұрын «Больше, чем любовь» фильмін түсіру үшін Грузияға кеткен болатын. Фильм Екінші Дүниежүзілік соғыс, соғыстан кейінгі қиын жылдар туралы.
Асеновтың айтуынша, достары актердің қайтыс болғаны туралы таңғы бесте білген.
Осыдан 4-5 күн бұрын біз бір іс-шарада бірге болдық. Мен тіпті оның Грузияға кеткенін білмедім, ол Алматыда деп ойладым. Таңертең достарымен бірге біз оның әйеліне, содан кейін үйдің үлкендерімен оның анасына бардық. Фархаттың анасы Алматыда тұрады, ол 76 жаста, - деді Арман Асенов.Sputnik.kz сайтының хабарлауынша, Фархат Әбдірайымовтың денесін Алматыға ертең таңертең жеткізеді.
Алдымен Фархат Әбдірайымовтың «Қазақфильм» бойынша әріптесі, кейін оның жақсы дос ретінде араласқан актриса Жанна Шорайқызы әлі күнге дейін Фархаттың тірі емес екеніне сенгісі келмейді.
Мен қазір ештеңе айта алмаймын. Біздің арамызда жоқ екеніне сене алар емеспін. Бұл бәріміз үшін, кино үшін, оның достары, туыстары үшін үлкен қайғы. Біз Фарамен 35 жыл бойы доспыз. Осы уақыт ішінде мен бірде-бір адамнан ол туралы жаман пікір естімедім. Барлығы оны жақсы көрді, өйткені ол өте мейірімді, ашық, өте дарынды еді. Қазақстанда да оны барлығы жақсы көретін, егер ол халықаралық фестивальдарға баратын болса, онда ол әрдайым бірінші жұлдыз болатын, - деді актердың досы.Оның айтуынша, түсірілім кезінде әртүрлі жағдайлар болады. Біреу шаршайды, біреу рөлді ойнай алмай жатады. Мұндай жағдайда Фархат әзілдеп, барлығының көңіл-күйін көтеріп отыратын.
Оның жүрегіне жақында ота жасалған болатын, мүмкін соның әсере ме екен… Оған әлі алыс сапарларға шығып, түсірілімге бармау керек пе еді... Оның түсірілім кезінде қайтыс болуының символдық мәні бар. Бірақ ол өмірден ерте кетті..., - деді актриса.
Жанна Шорайқызы айтқандай, олар түсірілім алаңында бірге жиі жұмыс істеді. Актриса Фархат Әбдірайымов түсірген фильмдерге де түскен.
Бұрын «Қазақфильм» киностудиясы бір отбасы секілді болатын. Онда біз актерлік бөлімде бірге жұмыс істеп, әңгімелесіп отыратынбыз. Фархаттың бұл салада досы көп болды. Оның барлық досы үшін, мен үшін, бүгін аза тұту күні, - деді Жанна.ҚХА төрағасының орынбасары, Qazaq TV телеарнасының директоры Майя Бекбаева өз парақшасында «Моя история» жобасынан үзінді жариялады.
Таңертең қайғылы хабар естідік. Фархат Әбдірайымов дүниеден өтті. Жас, көңілді, өмірге, туған жерге деген сүйіспеншілікке толы. Иманды болсын, - деп жазды ол.
Қазақфильмдегі Татьяна Козырева Фархат Әбдірайымовтың соңғы күндері «өте бақытты» болғанын атап өтті.
Менің досым ... сен кейінгі күні керемет бақытты болып жүрдің... Сен әрқашан «Біз кино алаңында ғана шынайы өмір сүреміз» дейтінсің. Біз сенімен дүйсенбіде кездеспейміз, бірақ бір күні-міндетті түрде..., - деп жазды ол.
Әбдірайымовтың кинодағы дебюті 1996 жылы «Тот, кто нежнее» атты алғашқы бірлескен қазақ-орыс фильміндегі рөл болды. 1999 жылы Әбдірайымов «Фара» фильмінде басты рөлді ойнады, ол үшін ол Халықаралық Мәскеу кинофестивалінде «Үздік актер» сыйлығын алды.