Дәрігерлер мен мұғалімдерге «Астана Балет» қойылымына билеттер сыйға тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыз мерекесіне орай «Samruk-Kazyna Trust» қоры ерекше балалар мен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалардың өмірін жақсартуға көмектесетін дәрігерлер мен мұғалімдерді құттықтады.
Оларға «Астана Балет» қойылымына билеттер сыйға тартылды.
Әлеуметтік сала қызметкерлері күн сайын адамдарға көмектесуге және қоғамға пайдалы болуға тырысады. Дәрігерлер, мұғалімдер, жаттықтырушылар - олардың бәрі күн сайын ерлік жасайтын батырлар. Мамандар балаларды өздігінен жүруге, сөйлеуге, тамақтануға үйретеді, сонымен қатар оларға жаңа хобби мен дағдыларды үйретеді.
Қор қызметкерлері «Samruk-Kazyna Trust» қолдау көрсететін түрлі коммерциялық емес ұйымдар мен жобалардың мамандарын құттықтады.
Оның ішінде «Замандас» отбасылық аула клубтары - жоба аясында 3000-нан астам бала жыл бойы спорттық және шығармашылық үйірмелермен тегін айналысады.
Сондай-ақ, бұл «Саламатты болашақ» бастамасы. Жобаның аясында бүкіл Қазақстан бойынша 700-ден астам ерекше бала еліміздің 16 қаласында бейімделген спортпен шұғылданады. Мамандар алдағы күндері өтетін қойылымға бара алады.
Олардың айтуынша, бұл кез-келген жұмыста, әсіресе әлеуметтік саладағы қызметкерлер еңбегіне берілген үлкен сый-құрмет болып табылады.