Дәрігерлер балалардың өмірі үшін күресуде: Екі бала Астанаға жеткізіледі

Абай облысының Үржар ауданынан жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екі баланы жеткізу үшін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының (ҰШМҮО) санитариялық авиация борты Астана қаласына ұшып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Зардап шеккен балаларды Астана қаласындағы №2 Көп бейінді қалалық балалар ауруханасына емдеуге жатқызу туралы шешім қабылданды.

Бортта балаларға медициналық көмек көрсету үшін ҰШМҮО реаниматологы Е. Шақан, Астана қаласының №2 Көп бейінді қалалық балалар ауруханасының травматологы Н. Жакипов және Ұлттық нейрохирургия орталығының (ҰНХО) нейрохирургы С. Сейтбеков дәрігерлер бригадасы құрамы қалыптастырылды, - деп жазылған ДСМ хабарламасында. 

Оқиға орнында бірден аудандық ауруханада облыстық және республикалық деңгейдегі мамандардан құрылған мультитәртіптік бригада толық диагностикалық зерттеу жүргізіп, зардап шеккендердің жағдайына бағалады және жедел емдеу жоспарын жасады.

Бала жағдайының тұрақсыздығы ескеріле отырып, пациенттердің бірі – 9 жасар қыз бала Абай облысының бас штаттан тыс анестезиолог-реаниматологы Д. Каримовтың бақылауымен жағдайы тұрақталғанға дейін стационарда қалдырылды, - деп хабарлады ДСМ.

Еске салсақ,  19 тамызда Абай облысы, Үржар ауданының Бестерек ауылында кәмелетке толмаған балаларды көлік қағып, салдарынан үш бала көз жұмды. Тағы үшеуі түрлі жарақатпен дәрігерлердің бақылауында.

Президент тапсырмасымен Астанадан Денсаулық сақтау министрлігінің дәрігерлері Қорғаныс министрлігінің әскери-көлік авиациясымен жеткізілді.

Сондай-ақ, облыс әкімдігі қайтыс болған балалардың отбасына көмек көрсететінін хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен балаларға ота жасалып жатқанын, оларға медициналық көмек көрсетуге үздік мамандар тартылғанын хабарлады.

Белгілі болғандай, қайтыс болған балалар әжесіне қонаққа барған

Апаттан кейін жүргізуші қамауға алынды. Үржарда үш баланың қазасына себеп болған жол апаты тергеліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы