Дәрігер жиі бас жуудың зияны туралы айтты
Трихолог басты жиі жуудың зиянды тұстары туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Трихолог, дәрігер-дерматолог Екатерина Анпилогованың сөзінше, күнде бас жуу теріге зиян. Ол бас терісіндегі табиғи майлар мен протеиндер шайылып кететінін атап өтті.
Riamo.ru мәлім еткендей, мамандар басты аптасына үш рет жууы керек. Қажет болған жағдайда құрғақ сусабын қолданған дұрыс дейді. Сонымен қатар шашты жуған соң, кондиционермен шаю керек. Ол бас шашты ылғалмен қанықтырып, қайратты етеді. Бұл ретте кондиционерді дұрыс жағу керек. Ол үшін сұйықтықты шаштың ортасына немесе ұштарына жағу қажет. Кондиционердің әсерін арттыру үшін полиэтиленмен орап, фенмен кептіруге болады.
Бұдан бөлек шаштың дұрыс таралуына да мән берген жөн. Яғни шашты астынан бастап ұйысын кетіріп, жоғарыға қарай көтеріле беру керек. Шашты түбінен бастап жұлқылап тарау оның сынғыш болып кетуіне ықпал етеді. Сулы шаш сынғыш келеді. Сол себепті оны кепкеннен соң тараған абзал.