Дәрігер жасыл бананның пайдасы туралы айтты
Дәрігер нутрициолог жасыл банандардың адам ағзасына қандай пайдасы бар екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
NEWS.ru мәліметінше, Нутрициолог Вероника Гусакова астма мен артритке шалдыққан адамдарға өз рационына банандарды қосуға кеңес берді. Тропикалық жемістің құрамында В6 дәрумені көптеп кездеседі. Ол қабыну процестерін азайтады, иммундық жүйенің жұмысын жақсартады.
Сонымен қатар банан калий, магний, кремний, фосфор, темір, натрий, А, В9, Е, РР және С дәрумендеріне бай.
Бұл ретте калий сүйек пен буындарды қатайтады. Әрі бүйрекке пайдалы. Сондай-ақ ағзадағы су балансын реттейді.
Ал магний жүрек-қантамыр жүйесіне жақсы әсер етеді.
Сарапшы атап өткендей, банандардың жасыл түстісін тұтынған дұрыс. Себебі олардың құрамында 3,2 грамм қант болады, ал толық пісіп жетілген сары банандарда оның мөлшері 12 грамм шамасында болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Зейнеп Ахметова Шымкент жұртшылығымен кездесті
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы