Дәрігер ұйқыны жақсартатын жеміс-жидектерді атады

Диетолог ұйқыны жақсартуға септесетін жеміс-жидектер мен көкөністерді тізіп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Лаванда, грейпфрут, шие, спаржа мен асқабақ ұйқысыздықпен күресіп, ұйқының сапасын жақсартады. Сонымен қоса көңіл-күйдің жақсаруына септеседі. Бұл туралы диетолог Анастасия Кондауроваға сілтеме жасай отырып «Мир 24» жазды.

Кондаурованың сөзінше, аталған шөп, жеміс-жидектер мен көкөністердің табиғи ұйықтатқыш және тыныштандыратын қасиеті бар. Атап айтқанда асқабақтың құрамындағы триптофан заттегісі ұйқыны реттеуде көп көмегін тигізеді. Ұйқы дұрыс болмаған кезде құрамында мелатонині бар шие де пайдалы.

Дәрігер ұйқысыздыққа шалдыққан адамдарға калий мен магнийге бай бананды тұтынуға кеңес берді. Бұдан бөлек ол лаванданың тыныштандыратын қасиеттері туралы айтты. Сөзінше, ұйықтар алдын лаванда майы қосылған суға түскен дұрыс. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив
Өзгелердің жаңалығы