Дәрігер Шохмурод Молайханов: Алғыс айтудан шаршамаңыздар!

Жас ғалым, дәрігер Шохмурод Молайханов 1 наурыз – Алғыс айту күнінің адамның көңіл-күйіне ғана емес, денсаулығына да көп әсері бар екенін айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шохмурод Молайханов – С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ фармакология кафедрасының ассистенті, дәрігер-фармаколог, 20-дан астам түрлі сертификаттар мен дипломдардың иегері, "Биология, медицина және фармацияны дамыту перспективалары" жас ғалымдар мен студенттердің Бесінші халықаралық ғылыми конференциясында "Елдің үздік баяндамашысы" номинациясының иегері. 

Одан бөлек ол Алматы қаласы өзбек этномәдени бірлестігі жастар қанатының төрағасы қызметін атқарады. ҚХА мүшесі Алғыс айту күнінің Қазақстанды мекен еткен барша этностар үшін үлкен маңызға ие екенін айтады.

Бұл мереке түрлі этностардың қазақ халқына көрсеткен қамқорлығы мен қонақжайлығы үшін алғыс айтуына, сондай-ақ халықтар арасындағы бірлікті, бейбітшілікті нығайтуға арналған атаулы күн. Бір шаңырақ астында тату-тәтті күн кешіп келе жатқан қоғам мүшелерінің қарым-қатынасына оң әсер ететін фактордың бірі. Алғыс айту күнінің арқасында бір-бірімізге жақындығымыз жақсы білінеді. Және де ризашылығыңды жеткізу арқылы айналадағы адамдарға керемет көңіл-күй сыйлау денсаулыққа да өте пайдалы. Сондықтан алғыс айтудан шаршамаңыздар!, - дейді дәрігер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан
Өзгелердің жаңалығы