Дәрігер салқын суға шомылудың пайдасы туралы айтты

Көптеген адам жылы немесе ыстық суға шомылғанды ұнатады. Алайда салқын судың да өз артықшылықтары бар. Медицина ғылымдарының докторы, дерматолог Ишмит Каур салқын суға шомылудың пайдалы тұстары туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл туралы Hindustan Times басылымы жазды.

Дерматологтың сөзінше, салқын су терінің қызарғанын басады, қабынған терідегі ауырсыну сезімін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар салқын су беттегі қара нүктелер мен безеудің пайда болуын алдын алады. 

Бұдан бөлек шашты салқындау сумен жуу арқылы оның табиғи түсін сақтап қалуға болады. Әрі шаш та жібектей жұмсара түседі. Өйткені ыстық су шаш түбіндегі табиғи майларды шайып кетеді, салдарынан шаштың түсі күңгірттеніп, сынғыш болып кетеді. Ал салқын су, керісінше, шашты сыртқы ортаның зиянды факторларынан қорғайды. 

Салқын су қайызғақты азайтады. Сондай-ақ псориаз, экзема тәрізді бастың тері ауруларына шалдыққан адамдардың қышымасын азайтуға септеседі, - деді Ишмит Каур.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы