Дәрігер "қарынды аштыра беретін" азық-түліктерді атады

Дәрігер-диетолог Алексей Ковальковтің айтуынша, адам кейбір өніммен шектен тыс тамақтанса, ол психологиялық аштыққа ұласып, бара-бара тамақтанғаннан кейін тою сезімі жоғала бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы дәрігер Sputnik радиосына берген сұхбатында айтты.

Ол аштық сезімі физиологиялық тұрғыдан бөлек психологиялық тұрғыдан да пайда болатынын атап өтті. Организм шын мәнінде қандай да бір заттектерді не энергияны қажет ететінінің белгісі - қарынның ашуы болуы мүмкін.

Көбінесе біз физиологиялық аштық туралы айтамыз. Қарапайым сөзбен айтқанда, қарынның ашуы. Оның басты белгісі ол жайлап пайда бола бастайды және кез келген тамақты ішкен кезде қарның тояды, - дейді Ковальков.

Ал психологиялық аштық кезінде "бір нәрсе жеп алуы" сезімі аяқ астынан пайда болады. Адам нақты не жегісі келетінін жақсы біледі. Ковальковтің сөзінше, бұл сезім гормоналдық фонмен байланысты.

Психологиялық аштық, физиологиялық аштықтан қарағанда аяқ астынан пайда болады. Бұл ретте адам нені қалап тұрғанын жақсы біледі. Ол тоңазытқышта шұжық не бәліштің бір тілімі бар екенін біле тұра барады. Психологиялық аштық көбіне калорияның емес эндорфиндердің (ред. - бақыт гормоны) жеткіліксіздігінен пайда болады, - деп түсіндірді Ковальков.

Майлы және тәтті өнімдерді тұтыну организмде эндорфиндердің өндірілуіне септеседі. Дегенмен бұл әдісті жиі пайдалана берсе, гормоналдық фонға әсері де төмендеп кетеді. 

Майлы және тәтті өнімдерді шектен тыс көп тұтына берсе, эндорфиндердің өндірілуі де төмендейді. Сөйтіп біз аштық сезімі басылмайтын жағдайға тап боламыз, - деді диетолог.

Ковальков психологиялық аштық сезімін баса алмайтын пациент бірден екі маманға көрінуі тиіс дейді. Ол диетолог және психолог.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Аргументы и факты
Өзгелердің жаңалығы