Дәрігер қант диабетімен жүктілікті қалай жоспарлауға болатынын айтты
Егер Сіз жүктілікті жоспарласаңыз және қант диабетімен ауыратын болсаңыз, өмірге сау бала әкеле аласыз. Бірақ, асқыну қаупі болуы мүмкін екендігін білуіңіз керек, деп хабарлайды BAQ.KZ Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Егер Сізге 1 немесе 2-типті қант диабеті диагнозы қойылса, қауіп жоғары болуы мүмкін: ірі нәресте ауыр босану қаупін арттырады, босануды ынталандырады немесе кесарь тілігін жасау қажет болады, түсік түсуі мүмкін.
Қант диабетімен ауыратын әйелдер, жүкті болса да, болмаса да көз және бүйрек проблемаларының даму қаупіне ұшырайды (диабеттік ретинопатия және нефропатия). Жүктілік олардың даму қаупін арттырып, бар проблемаларды күшейтуі мүмкін.
Егер Сізде 1 немесе 2-типті қант диабеті болса, балаңызға қауіп төнуі мүмкін, бұл:
- туылғаннан кейінгі жүрек және тыныс алу проблемалары,
- кейінірек семіздік немесе қант диабетінің дамуы,
- бала туа біткен ақаулармен, атап айтқанда жүрек пен жүйке жүйесінің ауытқуларымен туылуы мүмкін, өлі туылуы немесе туылғаннан кейін көп ұзамай шетінеуі мүмкін.
Жүктілікке дейін және жүктілік кезінде қант диабетін көрсеткішін бақылауда ұстау қауіпті азайтуға көмектеседі.
Қант диабетімен ауыратын әйелдерде шала туылған нәрестелерді туу ықтималдығы 5 есе жоғары.
Жүктілікті жоспарлау керек. Жүктілік алдында, жүктілікті жоспарлау жөнінде эндокринолог дәрігерден кеңес алу қажет. 3 айда 1 рет гликирленген гемоблобинге тест тапсыру керек. Егер 6,5%-дан деңгейді төмен түсіре алмасаңыз, Сізге және Сіздің балаңызға асқыну қаупін азайту үшін оны мүмкіндігінше жақындатуға тырысыңыз. Егер оның деңгейі 10%-дан жоғары болса, ол нысаналы мәндерге жақындағанша жүктілікті жоспарламауға кеңес береміз, - дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ №1 терапия бөлімшесінің эндокринолог дәрігері Балнұр Сұлтанова.
Егер Сізде қант диабеті болса және жүкті болғыңыз келсе, күніне 5 мг фолий қышқылын қабылдау керек (жүктіліктің 12 аптасына дейін). Фолий қышқылын қабылдау баланың омыртқасының ыдырауы және диабеттік фетопатия сияқты туа біткен ақаулардың дамуын болдырмауға көмектеседі. Егер қант диабетін бақылау үшін дәрілер қабылдасаңыз, инсулин инъекциясына ауысуыңыз керек.
Жүктілік кезінде қандағы глюкозаны жиі бақылау қажет, өйткені жүктілік кезінде жүрек айнуы мен құсу оның деңгейіне әсер етуі мүмкін. Дәрігер немесе акушер бұл туралы кеңес бере алады.
Жүктілік кезінде диабеттік ретинопатия белгілерін анықтау үшін көзді үнемі тексеру қажет. Егер ол ерте анықталса, оны емдеуге болады. Циклоскопия жасау керек.
Егер Сізде қант диабеті болса, консультанттың басшылығымен босану ұсынылады. Дәрігерлер босануды ерте бастауды ұсынуы мүмкін. Себебі Сіз немесе балаңыз үшін асқыну қаупі артуы мүмкін.
Жүктіліктен кейін қандағы глюкозаны бақылау үшін көп инсулин қажет емес. Инсулин дозасын жүктілікке дейінгі дозаға дейін төмендетуіңіз керек немесе жүктілікке дейін қабылдаған дәрілерге қайтып оралуыңыз керек. Бұл туралы эндокринологпен кеңесу қажет.