Дәрігер өлімі. Юрий Шумков пациентімен жанжалдаспаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.
Дәл қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын білемін. Тергеу барысы туралы ақпараттар жоқ. Себебі тергеу-тексері әлі аяқталған жоқ, оны құқық қорғау органдары жүргізуде. Дәрігердің әріптестерімен әңгімелестік. Пациент үш рет қабылдауда болған. Асқазан-ішек жолдарын тексеретін процедураны жасатқысы келген. Ішектің тарылуы салдарынан бірінші процедура сәтсіз болып, дәрігер тағы да жасауға кеңес берген. Дәрігер Юрий Шумковтың әріптестері оның пациентпен жанжалдаспағанын айтты. Сол үшін тергеу нәтижесін күтейік. Жантүршігерлік кісі өлімінің себебін білетін боламыз, - деді министр.
Бұған дейін ведомство басшысы дәрігерлердің құқығын қорғайтын заң жобасы әзірленгенін, осы айда Парламент Мәжілісінің қарауына жіберілетінін айтқан болатын. Аталған заң жобасы бойынша медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізуді қамтамасыз етіледі.
Еске сала кетейік, 4 сәуір күні Алматыда жантүршігерлік қылмыс орын алып, дәрігер Юрий Шумков емделуші аңшы мылтығымен атып тастаған болатын.