Дәрігер мойын не себепті ауыратынын түсіндірді

Ересектердің шамамен 70%-ы мойынның ауырсынуына шағымданады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Жайсыздық сезімін туындататын ауырсынудың себебін анықтау үшін оның нақты қай жері ауырсынатынын, қанша уақыт бойы ауырғанын және қалай ауыратынын талдау керек. Бұл туралы "Вечерняя Москва" сайтына берген сұхбатында дәрігер невропатолог-вегетолог, медицина ғылымдарының кандидаты Елена Беленко айтты.

Маманның айтуынша, ең алдымен нақты себептерді жоққа шығару қажет: қалқанша безі, көмей, лимфа түйіндерінің аурулары, сондай-ақ стоматологиялық проблемалар.

Мойындағы ауырсыну сезімі көбінесе мойын омыртқасындағы проблемалармен байланысты болады. Атап айтқанда остеохондроз немесе осы тұстағы грыжаға байланысты болуы мүмкін. Беленко атап өткендей, мұндай жағдайда адамның мойны тесіп бара жатқандай ауырады. Әрі ол ауру қолға дейін таралады. 

Мойынның артқы жағындағы ауырсыну көбінесе бұлшықет тонусының жоғарылауына байланысты пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар мұндай жағымсыз сезім эмоционалды күйзеліс кезінде де туындауы мүмкін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы