Дәрігер моншаға түсудің басты пайдасын атады
Моншаға жиі бару жүрек-қантамыр жүйесіне оң әсер етіп, жүрек ауруларының туындау қаупін азайтады. Сонымен қатар моншаға түсу - кардиожаттығу жасаумен парапар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Негізгі медицина пәндері кафедрасының оқытушысы Александр Умнов iz.ru-ға берген сұхбатында айтты.
Маманның сөзінше, моншаға түсу пайдалы екен деп онда ұзақ отырудың қажеті жоқ. Қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Температурасы 60 градусқа жететін ыстық ауа ағзадағы зат алмасуды жеделдетеді, сөйтіп дене салқындайды. Бұл процесс қанайналымды жақсартады, организмді токсиндерден арылтады.
Бұдан бөлек моншаға түсу жүйке жүйесіне оң әсер береді, күйзеліс пен ішкі үрейді басады. Ағзадағы зат алмасу процестері белсенді болған сайын организм жасара түседі.
Умнов моншаға түсу кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатер тобындағы адамдар туралы айтты. Айтуынша, қызба, гипертония, туберкулез, онкологиялық аурулар және т.б. дертке шалдыққан адамдар ыстық моншаға түспегені дұрыс. Себебі қанайналым бірден белсенді болып кеткендіктен, дертке шалдыққан адамның жағдайы нашарлап кетуі ықтимал.
Сондай-ақ маман моншада алкоголь ішпеген дұрыс дейді. Салдарынан артериалдық қысым көтеріледі, жүрек аурулары асқынып кетуі мүмкін.