Дәрігер Крещение діни мерекесінде шомылған кезде нені ескеру керектігін айтты
Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Елімізде жыл сайын 19 қаңтарда Крещение діни мерекесін атап өтілетіні белгілі. Бұл күні судың емдік қасиеттері бар және бұл қасиеттерді жыл бойы сақтайды деп саналады.
Биыл Астана қаласының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, қасиетті суға шомылу рәсімін жасауға немесе сауықтыру мақсатында суға түсуге ниет білдірушілер шектеусіз қол жеткізе алады. Қалада жаппай шомылуға арналған ойықтар Есіл өзенінің оң жағалауында, М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы, Гранд Алатау ТК ауданында және сол жағалауда астаналық саябағының жағалау ауданында орнатылады, - деп атап өтті мегаполистің бас санитар дәрігері.
Айтуынша, шомылу орындары барлық қауіпсіздік ережелерін ескере отырып жабдықталады. Ал шомылу орнында ТЖМ, ПД және жедел медициналық жәрдем бригадасы қызметкерлерінің кезекшіліктері ұйымдастырылады.
Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жүргізген санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг бойынша Есіл өзенінің су сапасына зертханалық зерттеулерге су сынамасын алу жүргізілді. Алынған су сынамалары зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша микробиологиялық, паразитологиялық және вирусологиялық көрсеткіштер бойынша санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес келді. Су орындарына шомылу денсаулыққа пайдалы болуы үшін астаналық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті шомылушыларға белгілі бір сақтық шараларын сақтауға шақырады. Мәселен, адамдарда жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйесінің аурулары, қант диабеті сынды созылмалы аурулар болған кезде шомылуға тыйым салынады, - деді Сархат Бейсенова.
Сонымен қатар балаларға және белгіленбеген, жабдықталмаған орындарында шомылу ұсынылмайды. Осыған байланысты, дәрігер келесі ұсынымдарды назарға алуды ескертті.
- Крещение мерекесінде шомылу алдында дәрігер кеңесін алу қажет;
- шомылғаннан кейін сүлгімен сүртіну және киім ауыстыруды естен шығармау;
- шомылғаннан кейін ыстық шай ішу керек.