Дәрігер көздің шаршауын қалай басуға болатынын айтты

Офтальмолог дәрігер Виктория Денисюк көздің шаршауын басу үшін көзді жиі жыпылықтатып, арнайы гимнастика жасап, компьютер алдындағы уақытты шектеу қажеттігін айтты, деп  хабарлайды BAQ.KZ.

РИАМО-ға берген сұхбатында дәрігер көздің сыртқы қабаты тиісті дәрежеде ылғалданып тұруы үшін жиі жыпылықтаған жөн дейді. 

Бұдан бөлек мүмкіндігіңізге қарай көзге түсетін күшті азайту қажет екен. Мәселен монитордан немесе телефоннан мәтінді оқығанда оны ұлғайту, сондай-ақ ол үшін арнайы бағдарламаларды қолдану. Сонымен қатар компьютермен жұмыс істегенде экранды тым жарық қылмаған жөн екен.

Денисюк көзге арналған гимнастиканы жиі жасау керек дейді. Яғни көзге арналған жаттығулармен қоса оларға массаж жасап, құрғап кетуге қарсы арнайы тамшыларды қолдану қажет. Тамшылар әсіресе кеңседе жұмыс істейтіндерге өте пайдалы. Дәрігер оларға әр  екі сағат сайын тамшылатуға кеңес берді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы