Дәрігер коронавирустан әйелдерге қарағанда еркектер неліктен көп көз жұмып жатқанын айтты

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Ресейлік аллерголог-иммунолог Владимир Болибок COVID-19-дан еркектер арасында өлім-жітімнің көп болуы олардағы гормоналды жүйенің ерекшелігіне байланысты деп санайды.

Оның айтуынша, бұл тестостерон жұмысымен байланысты. 

Еркектерде антиденені өндіру деңгейі әйелдердікіне қарағанда анағұрлым төмен,-дейді Болибок. 

Сонымен қатар дәрігер әйелдердің иммундық жүйесі вирустың нақ өзіне дейін жетеді, бұл жағдайда антиденелерге вирус жұқтырған жасушаларға ену жеңілдейді.

Әйелдердің бұл ерекшелігінің кері жағы да бар, оларда антиденелер дене жасушаларына шабуыл жасағанда көбінде аутоиммунды аурулар кездеседі,-дейді Владимир Болибок.

Бұған дейін дәрігер COVID-19-бен ауырған адамдарда иммунитет сегіз айға дейін сақталатынын мәлімдеген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы