Дәрігер фонтанда шомылудан туындайтын қауіп туралы айтты
Фонтанда шомылу бірқатар аурудың себепшісі болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
РИАМО атап өткендей, М.Ф. Владимирский атындағы аурухананың терапия бөлімшесінің меңгерушісі, ресейлік дәрігер Татьяна Воробьева фонтанда шомылудың қауіпті тұстарын атады.
Дәрігердің сөзінше, фонтандар суға түсуге арналмаған. Себебі ондағы су жиі ауыстырылмайды. Бұдан бөлек фонтандағы су фильтрден өткізіліп, микроағзалардан тазартылмайды. Бұл факторлар фонтанда суға шомылғанда инфекция жұқтыру қаупін жоғарылатады.
Бұндай суға түсу кезінде ішектің жіті инфекциясы, респираторлық, энтеровирустық инфекция, конъюнктивит, А вирустық гепатитін жұқтырып алу қаупі туындайды, - деді Воробьева.
Сондай-ақ дәрігер бұл тұста қауіп тек инфекциядан ғана келмейтінін, фонтандарда тайып құлап, ауыр жарақат алу қаупі бар екенін ескертті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Иранда аптап ыстық үшін екі күндік демалыс жарияланды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы