Дәрігер дабылы. Тәттіге құмар болмаңыз!

Бүгінде бәріміз шамадан тыс тәттіге құмармыз. Түрлі торт пен қант қосылған жеңсік тағамдар кез келген отбасында қарапайым күндерде де қолданыста. Жалпы тәжірибелік дәрігер, эндокринолог Гүлназ Қырықбаева тәтті тағамдар, оның ішінде қант қолданудың адам ағзасына аса қауіпті екендігін ескертеді.

Қарапайым адамдардың пайымынша, қант деген – кәдімге ақ төртбұрышты қант. Бірақ тәтті тағамдар, ақ ұннан жасалған өнім түрлері (торт, печенье, т.б), тәтті жеміс, газды, тәтті сусындар ағзаға түскенде улы қантқа айналады.

Қантың 1 молекуласында 3 молекула су болады.Денедегі қант әрдайым, ісіну, артық салмақ, әжім, целлюлитке апарып соғады.

Дәрігер қант пайдаланбағанда жететін бірнеше игілікті қатаң түрде ескертті.

Қараңызшы, қант тұтынуды тоқтатсаңыз қаншама игілікке жетесіз. Бірінші, салмақ қалыпты болады; ширақ және сергек боласыз; әрбіз тағамның шынайы дәмін сезесіз; ас қорыту жүйесі дұрыс жұмыс істейді; көңіл күйіңіз жоғарылайды; есте сақтау қабілетіңіз артады; өз жасыңыздан әлдеқайда жас көрінесіз және ұйқыңыз қалыпты болады, - дейді дәрігер Гүлназ Бақытжанқызы. – «Соль – белый яд, сахар – сладкий яд» деген ұғым бар. Сондықтан мөлшерден тыс тұтынбаған дұрыс. Тіпті тәтті тоқаш, торт құрамында сіздің ағзаңызға дым пайдасы жоқ ингриедиенттер барын түсінген жөн, - деп кеңес береді дәрігер.

Гүлназ Бақытжанқызы өз тәжірибесінде қантты көп пайдаланып, соның уытынан шыға алмай, ағзасын тек тәттіге бейімдеп алған емделушілердің ауыр сырқаттарға шалдыққанын айтты.

Тәттіден туындайтын ауру түрлері көп. Тәттіні артық немесе үнемі пайдалану қант диабеті, гипертония, тамырлы атеросклероз және басқа аурулардың даму қаупін арттырады. Бүгінде балаларда да тәтті көп пайдалану орын алған. Тәттіден соң ойлау мен есте сақтау қабілеті төмендейді. Ас қорыту жүйесі бұзылады. Сондықтан, ең бірінші, қандай жағдайда да, мейлі тәтті, мейлі ащы болсын, дұрыс тамақтану – салауатты өмір кепілі екендігін есте сақтайық, - дейді дәрігер.

Тәтті тағамның зиян екенін бәріміз білеміз. Дегенмен дәрігер дабылы неде?

Егер онкологиялы аурулардың алдын алғымыз келсе, шаш жиі үнемі майланса, көңіл күйіңіз бірқалыпты болмаса, бетті безеу басса, бүйрек ауруы, дененің ісінуі, бетті әжім қаптаса, иммунитет төмен болса онда тез арада тәттіден бас тарту керек. Тәтті ағзадағы коллагенге жабысып, оны жойып жібереді. Бұл коллагеннің қанттануы немесе ақуыз гликациясы деп аталады. Оны қалай айтсақта, нәтижесінде өте тез қартаясыз. Әжім, птоз, беттің салбырауы, тері тесігінің ұлғаюы бұл қанттың зияндылығынан.

Дәрігер тәтті ішектегі зиянды саңырауқұлақтар мен паразиттерді қоректендіретіндігін баса айтты.

Ішекте зиянды бактериялар көбейіп, тесік ішек синдромын туғызады. Содан соң аллергия, экзема, псориаз сияқты емделуі ұзақ және қиын дертке шалдықтырады. Тәтті ішектің қабыну процесін тудырады. Бұл ішек микрофлорасында және теріде көрініс береді. Ішектерде, бүйректе, жыныс мүшелерінде және теріде тұрақты проблемалардың пайда болуы – ол біздің күнделікті қантты пайдалануымызда. Мейлі ол көп, мейлі аз болсын, күнделікті тұрақты пайдалануымыздан.

Көптеген жастарда, тіпті оқушыларда семіздік, дененің ісік күйінде қалыптасуы кездеседі. Дәрігер бұл жағдайда да тәттінің келтірер зардабы көп екендігін ескертеді.

Ағзада түрлі ісік жасушаларының пайда болуы да тәттінің тұрақты пайдалануымыздан. Тәтті қатерлі ісіктің өсуі мен тез өршуіне, онкологиялық процестердің жедел дамуына тікелей, бірден әсер ететіні дәлелденген жағдай.

Осы медицинада, әсіресе тәтті көп пайдаланған адамдардың сөздік қолданысында «инсулині көп екен» деген нәрсе бар. Дәрігер тәтті тағамдар инсулин жоғарылауына тікелей әсер етеді дейді.

Инсулин – май жасушаларының өсуі мен ерте қартаюдың негізгі гормоны. Тәтті шаш пен теріңізді майлы етеді. Безеудің шығуына әсер етеді. Тәттілерді рационнан алып тастасаңыз, майланған шашыңыз бен безеуді ұмытасыз. Тәтті ағзаға ішектегі магний, мыс және кальцийді сіңдірмейді. Бұл содан соң ағамызда осы минералдардың жетіспеушілігіне алып келеді. Стрестік күйге түсу,, қан аздық, яғни анемия, бүйрек қабынуы және сүйек сынғыш проблемалары – тәттіні көп тұтынғандығымыздың негізгі салдары.

Сонымен қатар, Гүлназ Бақытжанқызы мына тәжірибені жасап көруге кеңес берді.

Егер сіздің әрбір тамақта міндетті түрде десерт жегіңіз келсе, стрессте, ашуланғанда тәттіге құмар болсаңыз, тәтті конфет немесе печеньемен шай ішуге құмартаып тұрсаңыз – адамда аз да болса қантқа, тәттіге тәуелділік бар деген сөз. Сондықтан ең болмаса бір апта барлық тәттіден бас тартып көріңізші: ағзадағы өзгерісті бірден байқайсыз. Бет пен денеде ісіну кетеді, әжімдер, безеу, қара дақтар кетеді, 2-3 кг арықтайды, су кетеді, майлар кетеді, тәбет жоғарылауы тежеледі, мазасыздық, ұйқысыздық азайады, дәм сезесіз – тағам дәмдірек бола бастайды, холестеринді азайтады, қартаю процесі баяулайды, жасушалар өте тез қартаюды тоқтатады, иммунитетіңіз көтеріледі, тұрақты аурулар жойылады, энергия артады, жұмыс күші тұрақталады, көп нәрсені істегіңіз келеді. Ең бастысы, жеңіл жүре бастайсыз., - дейді эндокринолог.

Қанттың есірткі сияқты тәуелділік тудырып қана қоймай, жүздеген ауруларды қоздыратын ақ у екенін бәріміз бірнеше рет естідік. Бұл осылай. Дегенмен қант рецепторлар мен миды қалай зақымдайды? Бұл жөнінде тіпті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бірнеше ұсыныстар жасаған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өмір бойы еркін қантты тұтынудың төмендетілген деңгейін сақтауды ұсынады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ересектер де, балалар да бос қантты тұтыну деңгейін жалпы энергия тұтынудың 10%-дан азына дейін азайтуды ұсынады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бос қанттарды тұтыну деңгейін жалпы энергия тұтынудың 5%-дан азына дейін төмендетуді ұсынады (шартты ұсыныс).

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, сонымен қатар, қантты қатаң түрде қолданудан бас тарту денсаулыққа ешқандай зиян келтірмейтінін жариялады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: жеке мұрағатынан
Өзгелердің жаңалығы