Дәрігер аяқтың ісінуі несімен қауіпті екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Терапевт әрі диетолог Елена Черненко аяқтың бірден ісінуі бүйрек және жүрек-қантамыр жүйесі патологияларының алғашқы белгісі болуы мүмкін екенін айтты.

Бұл туралы «Пятый канал» хабарлады.

Оның сөзінше, егер аяқ өміріңізде бірінші рет ісінген болса, сонымен қатар бірден пайда болса, уақыт жоғалтпай, терапевт дәрігерге көрінген дұрыс. 

Ал егер аяғыңыз кешке қарай үнемі ісініп, ыңғайсыздық туындататын болса, бұл веналық жеткіліксіздікті білдіреді. Бұл ретте арнайы маманға қаралу қажет.

Аяқ тамырларын ультрадыбыстық зерттеуден өткізу қажет. Бұл - тамыр, вена, артериялар. Егер веналық ісінулер туралы айтар болсақ, бұл жерде флебологтің немесе хирургтің кеңесі қажет болады, - деді Черненко. 

Дәрігердің айтуынша, қарт адамдар бұл проблемаларға айрықша назар аударуы қажет. Егер тек бір аяғыңыз ғана бірден ісініп кетсе, жедел жәрдем шақыру керек. Себебі бұл аяқ тамырларында тромбтың пайда болғанын білдіруі мүмкін. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы