Ыстық ауа райында ұйқыны қалай қандыруға болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазір термометрлер 35 градустан түспей тұр. Күннің ыстықтығы күндізгі уақытта да, түнгі уақытта да адамға ыңғайсыздық әкеледі. Ыстық ауа райы адамның сергек ұйықтауына, демалуына, ұйқының қануына айтарлықтай кедергі келтіреді. Осыған орай, Ресейдің невролог-сомнолог дәрігері Елена Царева қалыпты ұйқыны қалай қалпына келтіруге болатынын айтты.
Оның айтуынша, терең ұйқыға кету үшін адамның дене температурасы төмендегені абзал. Сол себепті жатарда алдын ала жатын бөлмені желдетіп алу керек.
Ұйқы кезінде дене температурасына қатысты екі тәсіл бар: ресейлік және америкалық. Америкалықтар дене температурасы қаншалықты төмен болса, ұйқы да соғұрлым жақсы болады деп есептейді. Олар 18 градус шамасындағы температураны сақтауға тырысады. Ал ресейліктер керісінше 21-ден бастап 23 градусқа дейінгі температура қалыпты деп есептейді, - деді сомнолог.
Бұдан бөлек, маман қалыңдау көрпені жұқа төсек жаймасына алмастырып, мүмкіндігінше аптап ыстықта адамдар бір-бірінен алшақ жатқаны дұрыс дейді.
Сондай-ақ, сомнолог демалыс күндері түске дейін ұйықтамауға кеңес берді. Демалыс күндері ұйқыдан тұрудың шекті уақыты - әдеттегі уақыттан екі сағат көбірек ұйықтау.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы