Дәрігер А вирустық гепатитіне қарсы екпе алуға шақырды

Коронавирустық инфекция бойынша сырқаттанушылық көрсеткіші 33,8 есе төмендеді. Бұл туралы Астана қаласының Коммуникациялар қызметінің онлайн брифингінде бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сарқыт Бейсенова мәлімдеді,- деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда тәулігіне 5-тен 20-ға дейін жағдай тіркеледі, ауру ересектер арасында да, балалар арасында да байқалады, - деді Бейсенова.

Оның мәлімдеуінше, 6 айдың қорытындысы бойынша вакцинамен басқарылатын инфекцияларға қарсы «нысаналы топтар» 1 жасқа дейінгі, 1 жастағы, 6-7 жас аралығындағы балаларды, 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді екпемен уақтылы қамту көрсеткіштері ДДҰ-ның талабына сәйкес.

Алайда А вирустық гепатитінің тіркелген 87 жағдайының ішінде 14 жасқа дейінгі 24 бала ауырып қалды, оның 22 жағдайы немесе 91% ата-анасының профилактикалық егуден бас тартуына байланысты. Елордада 2 жастағы балаларға А вирустық гепатитіне қарсы иммундау 2006 жылдан бастап жергілікті бюджет қаражатынан жүргізіледі. Осы кезеңнен бастап А вирустық гепатитімен сырқаттанушылық 22,2 есе төмендеді, - деді спикер.

Қаланың бас санитары бұрын белгілі себептерге байланысты вакцина алмаған 2 және 14 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарына да А вирустық гепатитіне қарсы екпе алу қажет екенін айтты.

2 жыл ішінде елордада қызылша тіркелмеді, ал осы жылы 6 айда қызылшаның 117 расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында аурудың 97 жағдайы тіркелді, - деді Астана қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы