Дариға Назарбаеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов Парламент Мәжілісінің депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш бергенін айтты.

Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға ҚР Конституциясының 52-бабында «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» заңның 24-бабы 3) және 8) тармақтарына сәйкес Парламент Мәжілісінің депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр, - деді ОСК мүшесі Мәжілісте.

Өз кезегінде депутаттар көтерілген мәселеге қатысты тиісті қаулыны қабылдады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы