Дариға Назарбаева Мәжілістен кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісі депутаты Дариға Назарбаеваның Мәжілістен кететіні туралы қазақстандық БАҚ-та ақпарат тарады.

Депутат БАҚ-та жарияланған мәлімдемесінде Парламент Мәжілісінің депутаты ретіндегі өкілеттігін тоқтатып, әлеуметтік-гуманитарлық, мәдени-қайырымдылық шараларға толықтай жұмылу туралы шешім қабылдағаны туралы жазылған.

Депутат Nur Otan партиясына дауыс берген Қазақстан халқына, партияластарына және сенім білдірген ел басшылығына алғысын айтты.

Енді Дариға Назарбаева Орталық сайлау комиссиясына өкілеттігін тоқтату туралы өтініш береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы