Дәрі-дәрмек тиелген көлік жол бойында өртеніп кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында күре жолдың бойында дәрі-дәрмек тиелген «ГАЗель» көлігі өртеніп кетті.
Бұл туралы БҚО Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Оқиға кеше сағат 23.49-да Орал-Атырау жолының 105-шақырымында, яғни Ақжайық ауданы Самал ауылы тұсында болды.
«Муратова» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі, 21 жастағы жүргізуші жүргізіп келе жатқан «ГАЗель» автокөлігі отқа оранды. Өрт сағат 00.45-те оқшауланып, 01.15-те толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Марат Ахметжанов Түркістан облысының активімен кездесті
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы