Енді дәрі бағасы негізсіз көтерілсе, 109 нөміріне шағымдануға болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаматтар 109 нөмірі арқылы шағым қалдыра алады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарына дәрі-дәрмектердің қымбаттау фактілері туралы хабарлауды ұсынды.
Мемлекет басшысы мемлекеттік органдарға дәріханалардағы бағаны бақылауда ұстауды тапсырды. IKomek 109 базасында жедел желі іске қосылды. Дәрі-дәрмектің бағасын негізсіз көтергені туралы шағымдар бойынша қала тұрғындары 109 нөміріне хабарласа алады. Өтініштерге жауап береміз, – деп жазды Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қолды дұрыс жуудың ережелері қандай?
Өзгелердің жаңалығы