23 Шілде 2024 2024, 13:13 Фото: -архив

Дәрі-дәрмек бағасы қымбаттай ма? – министр жауабы

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова дәрі-дәрмек бағасы елдегі экономикалық жағдайға байланысты екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова дәрі-дәрмек бағасы елдегі экономикалық жағдайға байланысты екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлназарованың сөзінше, Денсаулық сақтау министрлігінің әртүрлі нормативтік актілеріне байланысты дәрі-дәрмек бағасы өспейді.

Сол себепті қазіргі таңда баға (еск - дәрі-дәрмектің) қымбаттайды немесе жыл соңына дейін көтеріледі деп айтуға дайын емеспіз. Бұл елдегі экономикалық жағдайға байланысты болады, өйткені бәсекеге қабілетті ортаны толық реттей алмаймыз, - деді Ақмарал Әлназарова үкіметте өткен брифингте.

Еске сала кетейік осыған дейін министр QazVac вакцинасына қатысты сауалға жауап берген еді.