Дархан Қыдырәлі мен Фолькер Фробарт «Масс-медиа туралы» заңды талқылады

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы бағдарламалар Кеңсесінің басшысы Фолькер Фробартпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында тараптар бүгінгі таңда кең талқыланып жатқан «Масс-медиа туралы» заң жобасы жөнінде өзара пікір алмасты. Бұл заң жобасы журналистердің мәртебесін көтеруге бағытталған.

Бұған қоса,  онлайн-платформалар мен интернет-жарнаманың қызметін реттеуге бағытталған жеке заң қабылдау, ақпаратқа қол жеткізу жөніндегі заңға түзетулер енгізу мәселелері де сөз болды.

Жиын соңында ҚР АҚДМ мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы бағдарламалар Кеңсесі бірлескен жобаларды іске асыруды жалғастыруға өзара ниет білдірісті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: АҚДМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы