Дархан Қыдырәлі «Ел бірлігі» атты Тik Tok хаус жобасының қатысушыларымен кездесті

Астанада Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Ел бірлігі» атты Тik Tok хаус жобасының қатысушыларымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

​Іс-шараға 20 облыстан 200 жас, Республикалық этномәдени бірлестіктер, «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері қатысты. ​

Жобаға заманауи видео мен фото түсіру саласын меңгеруде қатысушылар үшін шеберлік сыныптарын өткізетін SMM мамандары, фотографтар мен мобилографтар арнайы шақырылды. 

​Қатысушылар қысқа бейнематериалдарды түсіріп, оларды #qogam_life ортақ хэштегі бойынша tiktok беттерінде жариялады. Қазіргі таңда жалпы қаралым саны 6,5 миллионнан асты. 

Қатысушылар 3 хаусқа бөлінген. Олар бір-бірімен өзара жарысуда. Апта соңында бейнероликтері ең көп қаралым жинаған қатысушылар марапатталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы