Дархан Қыдырәлі азаматтарды қабылдады

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың мәселелеріне құлақ түрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында министр азаматтық қоғамды дамыту, жастар саясаты мен ақпарат саласындағы жұмыстар туралы айтып берді.

Өз кезегінде қабылдауға келген жандар жастар жайы, отбасы құндылықтарын насихаттау, қоғамдық жобаларға грант беруге қатысты түрлі сұрақтар қойды. Сонымен қатар, отандық брендтерді дамыту үшін телесериалдар түсіру, ақпарат құралдарын шығару, үкіметтік емес ұйымдарды өркендету мәселесі сөз болды.

Министр азаматтардың сұрақтарына толық жауап берді. Олардың сауалдары алдағы уақытта жұмыс барысында назарға алынатынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы шілде айынан бастап Астанадағы Министрліктер үйінде азаматтарды қабылдау орталығы жұмыс істей бастаған еді. Орталық Халықпен жұмыс жөніндегі орталық мемлекеттік органдардың бірыңғай фронт-желісі болуға арналған. Оның құрылуы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі үлкен жұмыстың жалғасы болып табылатынын атап өткен жөн.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Өзгелердің жаңалығы