Дәретханадағы ақау: Пекинге қонған Сеул – Астана рейсінің жолаушылары қонақүйге орналастырылды
Air Astana әуе компаниясына тиесілі Сеулдан Астанаға ұшып келген ұшақ 8 қаңтарда техникалық себеппен Пекин әуежайына қонуға мәжбүр болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
8 қаңтарда KC210 Сеул – Астана рейсін орындаған Air Astana ұшағы барлық дәретханалардың істен шығуына байланысты Пекин әуежайына қонуға мәжбүр болды. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 09:25-те ұшып шығып, 11:50-де сәтті қонды, - деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Air Astana компаниясы хабарлағандай, ақауды жою үшін қосалқы бөлшек жеткізілуі күтілуде. Сондықтан рейстің ұшуы жергілікті уақытпен 01:00-ге ауыстырылды.
Қытай визасы қажет болмаған жолаушылардың көпшілігі қонақүйге орналастырылды. Қалған жолаушылар транзиттік аймақта қалды. Онда оларға тамақ, сусындар және көрпелер берілді, - деп атап өтті компания.
Әуе компаниясы жолаушылардан туындаған қолайсыздықтар мен рейстің кешіккені үшін кешірім сұрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Балабақшаларда қанша бала тегін тамақтанады және мәзір қандай?
Өзгелердің жаңалығы