Дарабоз – 2019. Сауырынан су төгілмес жорға анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда аяқталған "Дарабоз-2019" турнирінде жорға жарысының жеңімпазы анықталды.

Атырау облысы әкімдігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткен дүбірлі доданы ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының Атырау облыстық филиалы ұйымдастырды.

Еліміздегі "Жастар жылы" аясында өткен турнирде ұлттық спорттың оннан астам түрінен бәсеке өтіп, жорға жарысында ең мықты, су төгілмес жорға анықталды.

Бір кезде бабаларымыз ең жайлы, ең керемет, қасиетті жануар ретінде сетерлеген жорға жарысы біраз уақыт кенжелеп қалғаны анық. Дегенмен, соңғы кезде ұлттық спортымыздың бірі ретінде жақсы дамып келеді.

9 жорға тартысқа түскен кербез өнерде 5 атқа бәйге берілді.

5-орын: СҚО-дан келген "Мотив" атты торы жорға. Шабандозы – Алена Дакучаева, ат иесі – Арман Қабдуллаев, бапкері – Александр Корнилов (200 000 теңге).

4-орын: Алматы облысынан келген "Аягөз" атты ағылшын тұқымды 5 жастағы боз жорға. Шабандозы – Асылқұл Ақын, ат иесі – Асылбек Сейтәшімов, бапкері – Қайыржан Рақымбаев (300 000 теңге).

3-орын: Ақтөбе облысынан келген "Бөрте" атты боз жорға. Шабандозы – Андрей Зейновой, ат иесі – Серік Мұқашев, бапкері – Арман Старцов (500 000 теңге).

2-орын: Алматы облысынанк елген "Альт" атты ағылшын тұқымды 4 жастағы торы жорға. Шабандозы – Болат Сисебек, ат иесі – Диас Айдос, бапкері – Жанғабыл Қымызбаев (1 млн теңге).

1-орын: СҚО-дан келген "Реванш" атты қаракер жорға. Шабандозы – Александр Корнилов, ат иесі – Арман Қабдуллаев, бапкері – Александр Корнилов (2 млн теңге).

Байқағандарыңыздай, Солтүстік Қазақстан облысынан келген Арман Қабдуллаевтың екі жорғасының біреуі – бірінші, екіншісі – бесінші келді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы