Дарабоз - 2019. Аударыспақта Арман алыптығын танытты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Атырау қаласы маңындағы Талдыкөл ауылында биылғы жылдың «Дарабоз-2019» турнирі аяқталды.

Атырау облысы әкімдігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткен дүбірлі доданы ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының Атрау облыстық филиалы ұйымдастырды.

Еліміздегі «Жастар жылы» аясында өткен турнирде ұлттық спорттың оннан астам түрінен бәсеке өтіп, еліміз жастары арасындағы ең мықтыны анықтады.

Бұған дейін жамбы ату, теңге ілу, көкпар, аламан, топ бәйге қатарлы сайыстардың жеңімпаздары кім болғанын хабарлаған болатынбыз.

Ал қазір оқырман назарына аударыспақ алыптарының жеңімпаздарын таныстырмақпыз.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген құрыш білек, тас тақым жігіттердің арасында ақтөбелік Арман Сағынбаевтың әдіс-айласына төтеп берері табылмады.

1-орын: Арман Сағынбаев (Ақтөбе облысы)

2-орын: Абзал Сағынтаев (Жамбыл облысы)

3-орын: Мейірбек Құсайынов (Атырау облысы)

Естеріңізге сала кетейік, 11-12 қазан күндері Атырау облысында «Дарабоз-2019» турнирі мен «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі өткен болатын. Бұған дейін 51 шақырымға созылған «Алтын тұлпар» аламанының Жайық жағасында өткен бесінші бәйгесінде Қоянқасқа атты сәйгүліктің бас жүлдені жеңіп алып, 10 млн теңгені қанжығалағанын жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы