«Даңқ аллеясы» патриоттық экологиялық акциясы өтті

Ертіс өңіріндегі «Майдан жолы» іздестіру-зерттеу жасағының белсенділері «Жерге бақ сыйла» қорымен бірлесіп, «Даңқ аллеясы» экологиялық акциясы шеңберінде ағаш отырғызды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Осы жолы акция Торайғыров университетінің алаңында өтті. Биыл жоғары оқу орнының мұрындық болуымен республикалық медиафорум өткен болатын. Оның аясында 20-дан астам университет студенті келіп, заманауи коммуникация бағыттары бойынша білімдерін молайтты.

Осылайша, экологиялық акциямызға ел студенттері де қатысты. «Бейбітшілікті бірге сақтаймыз» ұранымен өткен екі күндік медиафорумға келген жастар қылқанжапырақты ағаш отырғызуға атсалысты. Біздің шара Ұлы Жеңістің 78 жылдығы мен Қазақстан Қарулы күштерінің 30 жылдығына орайластырылды. Біз ағаш салып, Отан үшін отқа түскен батырларымыздың рухына бір минуттық үнсіздікпен құрмет көрсеттік, - дейді «Майдан жолы» іздестіру жасағының командирі Александр Шитов.

Патриоттық акция – жыл сайынғы игі шара. Дәстүрлі түрде көктем және күз айларында ұйымдастырылады. Басты мақсат – келер ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, Отан қорғаған жауынгердің ерлігін құрметтеуге шақыру.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: «Майдан жолы»
Өзгелердің жаңалығы