Данияр Қадыров үгіт-насихат материалдарының БАҚ-та жариялануы туралы айтты

Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясында сөз алған ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров БАҚ-та жүргізілген кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихат материалдары туралы айтты.

Үш бірдей міндетті негізге алған министрлік оларға жеке-жеке тоқталуды жөн көрді.

Біріншісі, сайлау алдындағы кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары кезінде тең жағдай жасау. Екіншісі, азаматтардың сайлау құқықтарын кең аудиторияға жеткізуге және олардың дауыс беруге қатысуға қызығушылығын арттыруға бағытталған кең ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды. Үшіншісі, БАҚ-тың сайлау заңнамасы талаптарын сақтауын қамтамасыз ету , – деді ол.

Сондай-ақ үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді барлық БАҚ толық қамтылғанын айтты.

Үгіт-насихат кезеңінде мониторингтен 578 республикалық ақпарат құралы, оның ішінде 51 телеарна, 30 радио, 354 газет және 143 интернет-ресурс қамтылды. Үгіт-насихат науқаны кезінде БАҚ-та 16 мыңнан астам материал жарияланды. Оның ішінде телеарналарда - 10288, басылымдарда - 2228, интернет-ресурстарда - 3551 материал орналастырылды, – деді Данияр Рамазанұлы.

Вице-министрдің айтуынша, әр үміткер үшін БАҚ-та материал жариялау мәні шамамен 16,7 пайызды құрады.

Сондай-ақ ол Қасым-Жомарт Тоқаев пен басқа кандидаттар арасында аса үлкен айырма пайда болғанын айтады.

Айта кетерлігі, БАҚ-та үміткерлер тек аталып өткен статистикалық есептеуді ғана көздейтін мониторинг тәсілі дәйексіз деректерді береді. Себебі мәтін мен контексті есепке алмайды. Біздің мониторинг Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі ағымдағы қызметі мен үміткерлігін ескеріп, жеке-жеке есептеп қарады. Бүгінде 21 қазаннан бастап Президенттің 6000-нан аса материалы тіркелген. Оны кейбір сарапшылар өз есептерінде үгіт-насихат ретінде тіркеген. Бірақ оны жеке қарау керек, – деді ол.

Кандидаттардың үгіт-насихат жүргізуі барысында шетелдік интернет порталдары материал шығарудан бас тартқан.

Сөз соңында вице- министр жалпы үміткерлердің БАҚ-на тең қол жеткізу қағидасын пайдаланғанын баса айта кетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы