Данияр Қадыров үгіт-насихат материалдарының БАҚ-та жариялануы туралы айтты
Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясында сөз алған ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров БАҚ-та жүргізілген кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихат материалдары туралы айтты.
Үш бірдей міндетті негізге алған министрлік оларға жеке-жеке тоқталуды жөн көрді.
Біріншісі, сайлау алдындағы кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары кезінде тең жағдай жасау. Екіншісі, азаматтардың сайлау құқықтарын кең аудиторияға жеткізуге және олардың дауыс беруге қатысуға қызығушылығын арттыруға бағытталған кең ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды. Үшіншісі, БАҚ-тың сайлау заңнамасы талаптарын сақтауын қамтамасыз ету , – деді ол.
Сондай-ақ үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді барлық БАҚ толық қамтылғанын айтты.
Үгіт-насихат кезеңінде мониторингтен 578 республикалық ақпарат құралы, оның ішінде 51 телеарна, 30 радио, 354 газет және 143 интернет-ресурс қамтылды. Үгіт-насихат науқаны кезінде БАҚ-та 16 мыңнан астам материал жарияланды. Оның ішінде телеарналарда - 10288, басылымдарда - 2228, интернет-ресурстарда - 3551 материал орналастырылды, – деді Данияр Рамазанұлы.
Вице-министрдің айтуынша, әр үміткер үшін БАҚ-та материал жариялау мәні шамамен 16,7 пайызды құрады.
Сондай-ақ ол Қасым-Жомарт Тоқаев пен басқа кандидаттар арасында аса үлкен айырма пайда болғанын айтады.
Айта кетерлігі, БАҚ-та үміткерлер тек аталып өткен статистикалық есептеуді ғана көздейтін мониторинг тәсілі дәйексіз деректерді береді. Себебі мәтін мен контексті есепке алмайды. Біздің мониторинг Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі ағымдағы қызметі мен үміткерлігін ескеріп, жеке-жеке есептеп қарады. Бүгінде 21 қазаннан бастап Президенттің 6000-нан аса материалы тіркелген. Оны кейбір сарапшылар өз есептерінде үгіт-насихат ретінде тіркеген. Бірақ оны жеке қарау керек, – деді ол.
Кандидаттардың үгіт-насихат жүргізуі барысында шетелдік интернет порталдары материал шығарудан бас тартқан.
Сөз соңында вице- министр жалпы үміткерлердің БАҚ-на тең қол жеткізу қағидасын пайдаланғанын баса айта кетті.