Данияр Есин жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бұйрығымен "Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты" КеАҚ Басқармасының төрағасы болып Данияр Есин тағайындалды.

Ол 2019 жылдың маусымынан 2020 жылдың 26 маусымына дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.

2002 жылы ҚР Қаржы полициясы академиясын "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған, 2013 жылы Қазақстан-Ресей университетінде "Экономика" мамандығы бойынша оқып шықты. 2016 жылы РФ Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында "Заң" мамандығын оқып бітірді.

2016 жылдан қазіргі уақытқа дейін ҚМЭБИ университетінде жетекшілерге арналған ExecutiveMBA (еркін оқу жүйесі, демалыс күндері) игеруде.

Еңбек жолын 1998 жылы Академияда бастады. 2007 жылдан бастап әртүрлі басшылық қызметтер атқарды.

Әр жылдары Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасында қызмет еткен.

2015-2016 жылдар аралығында Астана қаласы Инвестициялар және даму басқармасы басшысының орынбасары және басшысы болды.

2016-2018 жылдар аралығында Астана қаласы Дін істері басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2018-2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасын басқарды.

"Құрмет" орденімен, "Астана қаласына 20 жыл", "Астананың 10 жылдығы", "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл", "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" медальдарымен және елордамыздың дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Президентінің Алғыс хаттарымен марапатталған.

Сондай-ақ, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласады. "Дзюдо күресі федерациясы" ҚБ президенті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы