Данияр Елеусінов әлемдегі перспективасы жоғары спортшылар рейтингіне кірді

Астана, baq.kz. NABF нұсқасы бойынша Солтүстік Америка чемпионы 21 жастағы Теофимо Лопес (11-0, 9 КО) ESPN тұжырымынша 2018 жылдағы үздік перспективасы жоғары спортшы атанды, деп жазды vesti.kz.

Бұл сый 2000 жылдан бері табысталып келеді. Оны алғаш иеленген мексикалық Хулио Диас болды, сондай-ақ, әр кезде бұл сый пуэрторикалық Мигель Котто, нигериялық Самюэл Питер, британиялық Амир Хан, америкалық Джермейн Тейлор, Виктор Ортис, Дэниэл Джейкобс және Эррол Спенс, украиналық Василий Ломаченко, мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен басқа да белгілі боксшыларға табысталған болатын.

2018 жылы Лопес он раундтық жекпе-жектерде жұдырықтаса бастап, алғашқы белбеулерін жеңіп алды. Америкалық төрт жекпе-жегінің үшеуін нокаутпен аяқтады. Мұның алдында ол The Ring нұсқасы бойынша үздік проспект атанған.

ESPN нұсқасындағы үздік перспективалық спортшылар рейтингінде тоғызыншы болып қазақстандық Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) тұр. 2018 жылы жартылай орта салмақта жұдырықтасатын Олимпиада чемпионы кәсіпқой рингке ауысып, бес жекпе-жегінде де жеңіске жетті.

Рейтингте сегізінші аса ауыр салмақта жұдырықтасатын хорват Филип Хргович (7-0, 5 КО) тұр. Ол Қазақстанның "Астана Арландары" сапында Бүкіләлемдік бокс сериясының (WBS) екі дүркін чемпионы болған. 2018 жылы бес жекпе-жегінде жеңіске жетіп, үшеуін нокаутпен аяқтады.

Жалпы ESPN рейтингінде 15 үздік перспективасы жоғары спортшылар көрсетілген. Мұнда былтырғы көшбасшы америкалық Райан Гарсия (17-0, 4 КО) биыл үшінші тұр.

ESPN рейтингі:

1. Теофимо Лопес (11-0, 9 КО) - АҚШ, жеңіл салмақ;

2. Шакур Стевенсон (9-0, 5 КО) - АҚШ, екінші жартылай жеңіл;

3. Райан Гарсия (17-0, 4 КО) - АҚШ, екінші жартылай жеңіл;

4. Вирджил Ортис-младший (11-0, 11 КО) - АҚШ, алғақы жартылай орта;

5. Джерон Эннис (22-0, 20 КО) - АҚШ, жартылай орта;

6. Джош Келли (8-0, 6 КО) - Ұлыбритания, жартылай орта;

7. Дэвин Хани (20-0, 13 КО) - АҚШ, жеңіл;

8. Филип Хргович (7-0, 5 КО) - Хорватия, аса ауыр;

9. Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) - Қазақстан, жартылай орта;

10. Эфе Аджагба (8-0, 7 КО) - Нигерия, аса ауыр;

11. Дэниэл Дубойс (9-0, 8 КО) - ВҰлыбритания, алғашқы ауыр;

12. Шохжахон Эргашев (15-0, 14 КО) - Өзбекстан, алғашқы жартылай орта;

13. Джошуа Буатси (9-0, 7 КО) - Ұлыбритания, жартылай ауыр;

14. Рубен Вилья (14-0, 5 КО) - АҚШ, жартылай жеңіл;

15. Джозеф Адорно (11-0, 10 КО) - АҚШ, жеңіл.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы