Данияр Елеусінов карьерасын аяқтауы мүмкін

Данияр Елеусінов жыл соңына дейін кәсіпқой мансабын аяқтауы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық боксшы бұл жөнінде badlefthook порталына берген сұхбатында мәлімдеді. 

Маған бокс онша ұнамайды, мен жеңіске жеткенді ұнатамын. Промоутер керек, жекпе-жекке шығуым керек. Жыл соңына дейін осы ойлағаным болмаса, онда спорттық мансабымды аяқтайтын шығармын,- деді Данияр. 

Айта кетейік, жерлесіміз 25 шілдеде АҚШ төрінде украиналық Иван Голубпен жолығу керек еді. Бірақ жекпе-жек кейінге қалдырылды. 

Данияр ең соңғы рет өткен жылдың желтоқсанында шаршы алаңға шықты. Елордадағы жекпе-жек кешінде аргентиналық Хуан Эрнан Леалды жеңіп, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуін иемденді. 

Айта кетейік, 30 жастағы Данияр Елеусінов 2016 жылы Рио Олимпиадасының чемпионы атанған. Әуесқой бокста 2013 жылы әлем чемпионы, 2013 және 2015 жылдары Азия чемпионы болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы