Данияр Елеусіновтің 25 мамырда жұдырықтасатыны расталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (6-0, 3 КО) менеджері Зия Алиев Олимпиада чемпионының 25 мамыр Оксон-Хиллде (Мэриленд штаты, АҚШ) өтетін бокс кешінде жұдырықтасатынын растады, деп хабарлады Vesti.kz.

Сегіз раундты жекпе-жекте қазақстандықтың қарсыласы 27 жастағы мексикалық Мигель Де Хесус Замудио Алонсо (43-12-1, 27 КО) болады.

"Данияр кардта. Қарсылас бекітілді – Мигель Замудио. DAZN-нен маған қағаздар келді – кім және нешеде шығатыны. Данияр осы тізімде. Бәрі жақсы", - дейді Зия Алиев.

Еске салайық, мұның алдында Данияр Елеусінов басқа шоуда – 8 маусым Нью-Йоркте өтетін Головкин-Роллс жекпе-жегінің анедркардында жұдырықтасады деп жоспарланған еді. Олимпиада чемпионы он раундты форматта алғашқы кездесуін өткізу керек еді, алайда жекпе-жек өтпейтін болды. GGG Данияр Елеусіновтің орнына өзбек боксшысын таңдады. 

Олимпиада чемпионы осы жағдайға байланысты өз пікірін білдірді. Данияр Елеусіновтің сөзінше, Головкин бұл ісімен өзіне жақсылық жасап отырған жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы