13 Қазан 2026, 14:29 Фото: ©BAQ.KZ архиві/ЖИ - Ерболат Бекболат

Данияда мұғалімдерге тәртіп бұзған оқушыларды сыныптан күшпен шығаруға рұқсат берілуі мүмкін

Данияда мұғалімдерге мектепте тәртіп орнату үшін күш қолдануға рұқсат берілуі мүмкін.

Данияда мұғалімдерге белгілі бір жағдайларда оқушыларды күшпен ұстауға немесе оларды өз ырқына қарсы сыныптан шығаруға рұқсат берілуі мүмкін. Тиісті заң жобасын ел парламенті әлі мақұлдауы тиіс.

Данияның Білім министрі Магнус Хеунике мұндай шараларға оқушы өзіне немесе айналасындағыларға қауіп төндіргенде, я болмаса сабақта тәртіпті өрескел бұзғанда ғана жол берілетінін түсіндірді.

Бұл орайда дене жазасын қолдану қарастырылмаған.

«Мұғалімдер жағдай ушыққан кезде не істеуге рұқсат етілгеніне күмәнданбауы керек. Ешбір мұғалім зобырлықтың алдын алғаны үшін жұмыстан шығарыламын деп қорықпауы тиіс», – деді министр.

Бұл бастамаға мектептердегі агрессивті әрі деструктивті мінез-құлық жағдайларының жиілеп кеткені туралы хабарламалар себеп болған.

Дания еңбек инспекциясының зерттеуіне сәйкес, суреттелген сауалнамаға қатысқан мұғалімдердің төрттен бір бөлігінен астамы оқушылардың мұндай әрекеттерімен жиірек ұшыраса бастағандарын атап өткен.

Зерттеу деректері бойынша, шамамен әрбір бесінші сыныпта зорлық-зомбылық мұғалімдерге бағытталған.