Данияда екпе салдырғандар туралы ақпарат цифрлық төлқұжатта сақталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Демек екпе алған азамат алаңсыз саяхаттай алады, деп жазды «Хабар 24». 

Бұл туралы осы елдің үкіметі хабарлады. 

Сарапшылар төлқұжат кәсіпкерлерге көп көмек болатынын айтады. Себебі тұрғындар мейрамхана, шаштаразға кедергісіз барып, мәдени және спорттық шараларға кіре алатын болады. Яғни келешекте бүкіл елдің экономикасына оң ықпал етеді деген болжам бар. Бастама 4 айдан кейін жүзеге асырылатын болады.  

Үкімет пен бизнес қауымдастығының «Корона» деп аталатын цифрлық төлқұжат жасау туралы келісімге келуі мені қуантты. Бастамамыздың алғашқы нәтижесін осы айда көресіздер. Вакцина салдырған азамат жайлы ақпарат арнайы сайтта жазылып тұрады. Кейінірек ол цифрлық төлқұжат түрінде қолданылатын болады, - деді Дания қаржы министрі Мортен Боедсков.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы