Дания халқы АҚШ-тың Гренландияға қатысты жоспарына қарсы митингке шықты

Данияда мыңдаған адам АҚШ президенті Дональд Трамптың Гренландияны аннексиялау туралы мәлімдемелеріне қарсы наразылық акциясына қатысты. Бұл туралы Daily Express жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елдің екінші ірі қаласы – Орхус қаласында өткен митингке гренландиялық отбасылар, белсенділер мен жергілікті тұрғындар жиналды. Наразылық білдірушілер «Қолдарыңды Гренландиядан аулақ ұстаңдар!» және «Американы елден шығарайық!» деген жазуы бар плакаттар ұстап шықты.

Шеруге қатысушылар Гренландияның болашағын тек оның халқы өзі шешуі тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ Дания өз аумағын саяси мақсатта ешқашан бермейтіні айтылды.

Айта кетейік, Дональд Трамп бұған дейін АҚШ пен Дания арасындағы қарым-қатынасты «жақсы» деп бағалағанымен, Гренландияны АҚШ ұлттық қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызды аумақ деп бірнеше рет мәлімдеген. Ал Гренландия үкіметінің басшысы Йенс-Фредерик Нильсен Вашингтонның бұл мәселедегі риторикасын «құрметсіз әрі орынсыз» деп атады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы