Дания Гренландияда жүргізілген мәжбүрлі тууды бақылау науқаны үшін кешірім сұрады

Дания премьер-министрі Метте Фредериксен 1960-1991 жылдары Гренландияда жүргізілген мәжбүрлі тууды бақылау науқаны үшін жергілікті әйелдерден ресми түрде кешірім сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Ол кезде мыңдаған қыздар мен әйелдерге, кейде небәрі 13 жастағыларға да, олардың келісімінсіз жатырішілік құрылғылар орнатылған. Бұл саясаттың мақсаты – гренландиялықтардың санын шектеу болған.

Біз өткенді өзгерте алмаймыз. Бірақ болған жағдайға жауапкершілікті мойнымызға аламыз. Сондықтан Дания атынан кешірім сұрағым келеді, – деді Фредериксен.

Қазір 70-80 жас аралығындағы зардап шеккен әйелдер Даниядан өтемақы талап етіп, сотқа жүгінген. Әзірге өтемақы төленген жоқ. Билік нақты ауқымын анықтау үшін жүргізіліп жатқан тергеудің нәтижелерін қыркүйекте жарияламақ.

Бұл Данияның Гренландия халқына қатысты заңсыз әрекеттеріне байланысты алғашқы іс емес. 2022 жылы билік 1950 жылдары Данияға әкетілген гренландиялық балалардан да ресми кешірім сұраған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы