Дания Еспаева: Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Елордадағы 113 сайлау учаскесіне "Ақ жол" ХДП атынан президенттіктен үміткер Дания Еспаева келіп дауыс берді. 

«Ақ жол» партиясының өкілі сағат №66 мектепте орналасқан №113 сайлау учаскесінде дауыс берді. Дәл осы учаскеде таңертең тағы бір үміткер Жамбыл Ахметбеков те дауыс берген болатын.


 

«Барлық кандидаттар сияқты бүгін мен үшін де маңызды күн. Бір ай бойғы ұйқысыз жұмыстың нәтижесі шығады. Осы уақыт аралығында мені қолдап, үгіт жұмыстарын жүргізген штаб мүшелеріне, партияластарыма және халыққа алғыс айтқым келеді», - деді президентікке үміткер.


 

Дания Еспева өзінің Қазақстан тарихындағы президентікке үміткер тұңғыш әйел екенін де еске алды.


 

«7 үміткердің ішінде жалғыз нәзік жанды ретінде үлкен жауапкершілік болды. Жақтастарыммен бірге ол жауапкершілікті де абыроймен атқардық деп ойлаймын. Қазақстан тарихындағы тұңғыш әйел кандидат ретінде тіркелуім менің алғашқы жеңісім болатын. Сайлау қорытындысынан да жеңіс күтемін», - деді кандидат.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан президентін кезектен тыс сайлау басталды. 


 

 ҚР президентінің кезектен тыс сайлауында ел ішінде және шет елдерде 9 968 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, дауыс беру уақыты стандартты (сағат 7.00-20.00 аралығы) болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы