9 Қараша 2025 2025, 06:29
Фото: google.com
Дания балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салмақ
Дания балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Дания балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Олар белгілі бір платформаларға ата-анасының рұқсатымен ғана кіретін болады. Заң жобасы алдағы айларда қабылдануы мүмкін.
Қазір Данияда 13 жасқа дейінгі балалардың 94 пайызында ғаламторда кем дегенде бір парақша бар. Билік өкілдері шара кәмелетке толмағандарды цифрлық ортаның кері әсерінен қорғайды деп есептейді.
Осындай бастаманы Еуропаның өзге де елдері талқылап жатыр. Франция, Испания және Греция әлеуметтік желі қолданушыларына міндетті жас шектеулерін енгізуге ниетті.