Данилов Павлодар облысының жастарымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Торайғыров университетінің базасында Павлодар облысы әкімінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Шараға ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов қатысты. 

Бұл туралы АҚДМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесу барысында аймақтық кеңестің үш жылдық жұмысының нәтижелері туралы айтылды. Кеңестің жергілікті мәселелерді шешудегі әрекеттеріне баға берілді. Оның ішінде «Ертiс жастары» тұрғын үй бағдарламасы аясында атқарылған жұмыс бар. 

Жүздесу интерактивті сессия форматында өтті. Мүшелер жастар кеңесінің жұмысына қатысты сұрақтарды талқылады. Кеңес құрамында ерекше қажеттіліктері бар адамдар бола ма? Оның құрамына мемлекеттік қызметшілер керек пе? Бұл сұрақтарға жауап ізделді. 

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов  жастар кеңесінің жұмысына қатысты пікірін ортаға салды. Оның айтуынша, кеңестің кем дегенде 30%-ын әйелдер құрауы керек. Сонымен қатар, жас буын өкілдері болған жөн. 

Бүгінде Қазақстанда 227 ресурстық орталық бар. Бізге осы сияқты формалды емес кездесулер керек. Олар ашық деңгейде әрі маңызды мәселелерді шешуге септігін тигізеді,-ол. 

Вице-министр бүгінде республикалық деңгейде жастарды қолдау бойынша пилоттық бағдарламалар әзірлеу жұмыстары жүргізілуде деді. Александр Данилов жастарды бағдарламаны әзірлеуге шақырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы